Bugin

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Тамыз айы мерекеге толы айлардың бірі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тамыз айында мемлекеттік мерекелерден 30 тамыз – Конституция күні тойланады. Атаулы мереке күнтізбеде жұма күніне сәйкес келеді. Сол себепті 2024 жылы Конституция күніне арналған демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс күніне ауысты.

Тамыз айында кәсіби мерекелер де көптеп тойланады.

  • Тамыз айының алғашқы жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз – Абай күні;
  • Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні;
  • Тамыздың соңғы жексенбісі – Шахтерлер күні;
  • 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күні.